Солтүстік Корея Ресейге қару берген жоқ және болашақта мұны жоспарлап отырған жоқ.
Пхеньян АҚШ-қа осындай ресми жауап қайтарды. Бұған дейін Вашингтон Солтүстік Корея Ресейге Украинадағы соғыс үшін артиллериялық снарядтарды құпия түрде берді деп мәлімдеген еді. Пхеньян болса, АҚШ осы арқылы елдің беделіне нұқсан келтіруді көздейді деп мәлімдеді.