Атырау және Маңғыстау облыстарында «Жасыл» сутегі өндірісі қолға алынбақ. Бүгін Қазақстан Үкіметі мен Fortescue Future Industries компаниясы жобаны іске асыру жөнінде Негіздемелік келісім жасады. Бұл бастама 2030 жылға қарай парниктік газ қалдықтарын 15%-ға азайтуға және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығын қамтамасыз етуге ықпалын тигізбек. Әрі Қазақстан алдағы 5 жылдың ішінде сутегіні өндіретін әлемдегі ірі жеткізушілердің біріне айналуы мүмкін. Австралиялық компания өкілдері «жасыл» сутегін өндіру және қолдану ауыр өнеркәсіпті декарбонизациялауға, жұмыс орындарын құруға және жалпы энергетика саласының тұрақтылығын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.
Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Австралияның бұл компаниясы Қазақстанда кем дегенде 50 гвт болатын станция салып, судан жасыл сутегіні алып, оны Еуропаға сату. Қазірдің өзінде көріп отырмыз, Қазақстан әлемдегі ең үлкен 10 ірі сутегіні жеткізуші болып табылуы мүмкін. Себебі, үлкен территориямыз бар. Жақсы жер, жақсы күн сәулесі бар.
Раушан Сайлауқызы