Оның халық комиссариатының төрағасы болып тұрғанда, қазақ жастары білім алуы үшін үкімет қаржысының басым бөлігін осы салаға бөліп отырғанын біреу білсе, біреу білмейді.
Сондай-ақ, спектакльде ақынның ана тілімізге мәртебе беру және ұлттық кадрларды мемлекеттік іске көптеп тарту туралы көтерген мәселелері жан-жақты бейнеленеді.
Тарихи драманың қоюшы режиссері Дунай Еспаев туындының басқа қойылымдардан ерекшелігі еш жасандылықсыз, бірде бір әуенсіз көмкеріліп, көрерменге шынайы түрде ұсынылуында, дейді.