Ақтөбеде облыстық байқаушылар орталығы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде облыстық байқаушылар орталығы құрылды

09.11.2022

Ақтөбеде облыстық байқаушылар орталығы құрылды. Бұл сайлау барысын жіті қадағалау үшін қажет. Енді үкіметтік емес ұйымдар бір жерде шоғырланып, жұмыс жүргізеді.

Мамандар байқаушы болуға ынталы азаматтарға дәріс оқып, құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Облыстағы 502 сайлау учаскесінің бәріне бір-бірден байқаушы бекіту жоспарланып отыр.

Нұржан Шаңғытбаев, «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ облыстық филиал төрағасы:

Мақсатымыз енді Президент сайлауын біз әділ өтуіне және тыныш өтуіне атсалысып, өзіміздің байқаушыларымызды қатыстыру. Сайлау процесінде сағат алтыдан бастап ол бақылаушылар өздерінің белгіленген құжаттарымен отырады және сегізде басталатын кезде олар почетқа қатысады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу