Ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 мүшесі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 мүшесі ұсталды

09.11.2022

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операция барысында Қызылорда мен Арал қаласында қылмыстық топтың 32 мүшесін ұстады.

Оларға аймақта есірткі айналымын басқарып, басқа да ауыр қылмыстарды ұйымдастырған деген айып тағылды. Ұсталғандардың арасында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, өңірдің қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар.

Күдіктілердің үйін тінту кезінде қару-жарақ, ақша, есірткі және басқа да айғақ заттар алынды. Құзырлы орган өкілдерімен мемлекет пен қоғамға қауіп төндіретін қылмыстық топтардың ізін кесу бойынша арнайы операциясы әлі де жалғасып жатыр.

Әділбек Серікұлы



Хабарламаларға жазылу