Түркістан қаласының прокуратурасы лауазымды тұлғалардың жер заңнамасын өрескел бұзып, мемлекетке 121 млн теңге залал келтірген қылмыстық әрекетін әшкереледі. Қалалық тіркеу және жер қатынастар бөлімінің бұрынғы басшысы Жүнісбеков 2020 жылы 18 жер учаскесінің орналасу пішінін заңсыз өзгерткен.
Ал оны қалалық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы заңсыз бекітіп, кейін бұл аумақтар Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысымен мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын мүліктердің қатарына қосылған. Т
Тексерістен кейін прокуратура қаулының күшін жойып, 121 млн 500 мың теңгені бюджетке қайтарды.
Айнұр Ақбаева