Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барады

09.11.2022

Ертең яғни, 10-11 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады. Жиында президенттер Түркі мемлекеттері ұйымы аясында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақты одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ, саммит қатысушыларымен екіжақты кездесу өткізу жоспарланып отыр. Ұйымға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдері мүше. Венгрия мен Түрікменстан – бақылаушы мемлекет. Тараптар былтыр Ыстамбұлда бас қосқан. Өткен жылы жиында «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі» атауы «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп ауыстырылған еді.

Марат Аитов, Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

Самарқанд саммитінің қорытындысы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған Түркі мемлекеттері ұйымының стратегиясы қабылдануы мүмкін. Ұйымға мүше елдер бұған дейін бірқатар маңызды мәселені көтерді. Бұл жолы да сауда экономикалық ынтымақтастық, логистикалық бағыттағы жоспарға басымдық берілуі мүмкін. Өйткені ұйымға мүше мемлекеттер геосаяси маңызды аймақта орналасқан.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу