Елімізде 28 мың адамның шағын несиесі кешірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 28 мың адамның шағын несиесі кешірілмек

09.11.2022

Елімізде 28 мың адамның шығын несиесі кешірілмек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі проблемалы несиелерді азайту мақсатында осындай шара қолға алынғанын жеткізді. Мәліметтерге сай, қазір микроқаржы ұйымдарына 1 млн 300 мың адам 416 миллиард теңге қарыз. 430 мыңнан астам адам төлемді 90 күннен кешіктіріп жіберген. Сондықтан олардың қарызды қайтару кестесі қайта жасалмақ. Ал 107 мың адамның 800 миллион теңге несиесі ішінара, 28 мың адамның 600 миллион теңге қарызы толық кешірілмек. Бірақ кейін оларға берешек берілмейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу