Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды.
Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.