Грекияда инфляцияға қарсы шыққан тұрғындардың шеруі қақтығысқа ұласты. Наразы топ полицияға тас пен жанғыш қоспасы бар бөтелкелер лақтырған.
Тәртіп сақшылары оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қаруын қолданды. Тәртіпсіздіктер кезінде көліктерге, жақын маңдағы дүкен шыныларына зақым келген.
Грекияда мыңдаған жұмысшы мен зейнеткер инфляцияға төтеп беру үшін жалақыны өсіруді талап етіп ереуіл жариялады. Афинадағы акцияға 20 мыңдай адам қатысқан.
Арай Төлеген