Атырау мұнай өңдеу зауытында сұйытылған отын өндірісі 35 пайызға кеміді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында сұйытылған отын өндірісі 35 пайызға кеміді

10.11.2022

Атырауда сұйытылған газ тапшы. Газ құю бекеттерінің кейбірі уақытша жабылған.

Ақылбек Кертаев, қала тұрғыны:

Газ болғанын қалаймыз. Қашан болады, қай уақытта болады?

Жұмыс істеп тұрған бекеттер отынды тек талон арқылы жіберіп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауыты қараша айында 5 744 тонна сұйытылған газ сатуы тиіс болған. Бірақ, кәсіпорында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан өнім көлемі 35 пайызға дейін азайған. Айдың басынан бері тәулігіне 90 тонна автогаз шығарып келсе, бүгіннен бастап ол 60 тоннаға дейін қысқарды. Әкімдіктің жоспары бойынша, сұйытылған газ Ақтөбе облысынан келесі аптаның соңына дейін жеткізілуі керек. Жағдай айдың соңына қарай зауыттағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келмек.

Анар Ахметова, облыстық Энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы:

Жергілікті атқарушы орган тарапынан және ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, бүгінгі таңда Ақтөбе облысындағы Qazaq Oil мекемесінен 700 тонна және Gas Processing мекемесінен 400 тонна газ өңдіруге, Атырау облысына әкелуге жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келіссөздер жүргізіп жатыр. Баға 50-55 теңге аралығында сақталады, бұйрыққа сәйкес.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу