Алматыда 67 көпқабатты тұрғын үйге жылу берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 67 көпқабатты тұрғын үйге жылу берілді

11.11.2022

Алматыда кеше жарылған жылу құбыры жөнделді. Уақытша жылусыз қалған 67 көп қабатты тұрғын үй, 6 мектеп пен 20 нысанға жылу берілді. Апат болған жерде жол қозғалысы да жанданды. Алдағы екі күнде жол жабыны қалпына келтіріледі.

Бұл туралы тиісті басқарма өкілдері хабарлады. Еске сала кетейік, кеше Алматыда диаметрі 400 милиметрлік құбырдан ақау шығып, қысымның әсерінен ыстық су 20 метр биіктікке дейін атқылаған еді. Мамандар бұл аумақта осыған дейін 20 шақты апат болғанын айтады.

Нұрбақыт Серікбай, Қалалық энергетика және сумен басқару басқармасының бөлім басшысы:

Себебі - ол коррозия. Жылу магистралінің коррозиясы. Осындай жағдай болған жағдайда өздігінше әрекет жасамай, Алматы жылу жүйесінің апаттық диспетчерлік қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу