Ең төменгі және базалық зейнетақы келесі жылдан бастап кезең-кезеңмен көтерілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша әлеуметтік төлемді жыл сайын 13 пайызға көтеру жоспарланған. Осы арқылы еліміздегі 2 миллионнан астам барлық зейнеткердің ақысы арта түспек. Мұндай әлеуметтік қолдау 2025 жылға дейін зейнетақыны орта есеппен 27 процентке көтеруге мүмкіндік бермек.
Досжан Маратұлы