Шетелдік көлік рәсімдегендерге 140 млн теңге айыппұл салынды.
Соңғы 10 айда көлік қауіпсіздігі құжаттарын заңсыз рәсімдегендерге 140 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Осы аралықта Техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары мыңнан аса мемлекеттік тексеру жүргізген. Нәтижесінде 65 пайызы талапқа сай болмай шыққан. Ал Алматыда шетелдік көлікке заңсыз сертификаттау жасаған 9 адам жауапқа тартылды.
Әлішер Өмірзақ, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ресми өкілі:
Импортталған көлік, яғни заңсыз құжат рәсімдеген 400-ден астам құжаттың күші жойылды. ІІМ ұйғарымымен заң бұзушылықтар жойылғанға дейін көліктер тиісті тұраққа қойылды. Сондай-ақ, осы іске қатысы бар деген бес мекеменің тоғыз маманы жауапкершілікке тартылды.
Қуан Нұрақын