Қазақстандық студенттер Бангладеште өткен IT олимпиадада үздіктер қатарына енді.
Ірі білім додасына қатысқан 130 жоғары оқу орнының ішінде үздік нәтижелерге қол жеткізді. Сөйтіп, дүниежүзі бойынша IT саласы бойынша мықты 30 командаға қосылды.
Халықаралық студенттік олимпиада 1977 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған бір оқу орнынан «үш студенттен» тұратын жалғыз команда қатысады.