Сайлау-2022: Ауыл тұрғындары өз таңдауын жасауға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2022: Ауыл тұрғындары өз таңдауын жасауға дайын

14.11.2022

Осы аптаның жексенбісінде халық өз таңдауын жасайды. Сайлау жақындаған сайын халықтың да белсенділігі арта түскендей. Әсіресе шалғай ауыл тұрғындары конситуциялық құқықтарын пайдаланып, маңызды күннен қалмаймыз деп отыр.

Дұрыс басшы болса, ел де халық та дұрыс болады ғой. Халқымыздың тыныштығы үшін, бірлігі үшін, болашағымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін осы сайлауға барып дауыс беруге шешім қабылдап отырмын.

Барамыз бұйырса. Дауыс береміз. Оған қатысамыз.

Сайлауға бару керек. Бұл біздің болашағымыз. Балалардың ертеңгі болашағы.

Осы мемлекеттің азаматы болғаннан кейін баруымыз керек деп ойлаймын. Бұл бірінші сайлау емес, бұрын ауылда тұрғанда сайлауға барып тұрдық. Енді, міне, қаладамыз. Әрине барамыз.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу