Үлкен жиырмалық елдері көшбасшыларының саммиті Бали аралында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлкен жиырмалық елдері көшбасшыларының саммиті Бали аралында өтеді

14.11.2022

Индонезияның Бали аралы Үлкен жиырмалық елдері көшбасшыларының саммитін өткізуге дайын. Екі күндік жиын қарашаның 15-16 күндері өтеді. Конференция кезінде басты транспорт түрі ретінде мыңнан аса электр көлігі пайдаланылмақ. Бұл - Индонезияның экологияны қорғауға қосатын үлесін көрсету үшін жасалып отыр. Саммит басталмас бұрын АҚШ және Қытай лидерлері бүгін кездеседі деп жоспарланған. Джо Байден мен Си Цзиньпин Тайвань, Украина және Солтүстік Корея мәселелерін талқыламақ. «G-20» жиынына Кремль басшысы Владимир Путин қатыспайды. Ресей президенті атынан саммитке осы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров бармақ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу