Ақтауда сайлау комиссиясының мүшелері мен учаске төрағалары үшін арнайы семинар ұйымдастырылды. Оған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров те қатысты. Басқосуда сайлау кезінде туындауы мүмкін мәселелер талқыланды. Мысалы, ауысыммен жұмыс істейтін тұрғындар сайлау күні жұмыста болса, қайтпек керек? Участокке жеке куәлігінсіз келген азаматтар дауыс бере ала ма? Сайлау комиссиясының мүшелері осы сұрақтарды пысықтап алды. Сондай-ақ, саяси науқанды жоғары деңгейде өткізу үшін, жауапты тұлғалардың заңды білуі маңызды екені айтылды.
Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Ауысыммен жұмыс істейтін тұрғындар сайлау күні жұмыста болатынын білсе, алдын-ала облыстық сайлау комиссиясына өтініш жазуы қажет. Соның негізінде оған қызмет орнында дауыс беруге жағдай жасалады. Ал, сайлау күні жеке куәлігін ұмытқан тұрғындар электронды құжатын көрсетсе жеткілікті.
Аягөз Оралбайқызы