Балиде қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балиде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

14.11.2022

Индонезияның Бали аралында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Мұнда қарашаның 15-16-ы күндері «Үлкен жиырмалық» елдері басшыларының XXVII саммиті өтеді. Осыған байланысты Бали көшелеріне тәртіпті бақылауға 18 мыңдай полицей мен жауынгер шығарылды.

Соңғы мәліметке қарағанда, Индонезияға АҚШ президенті Джо Байден, Қытай жетекшісі Си Цзиньпин, сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдердің басшылары барды.

Олар алдағы екі күнде геосаяси мәселелермен бірге энергетика, азық-түлік, сандық трансформация, климаттың өзгеруі тәрізді өзекті проблемаларды талқылайды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу