Қытай өз аумағына кіретін қазақстандық жолаушылар үшін талапты өзгертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай өз аумағына кіретін қазақстандық жолаушылар үшін талапты өзгертті

15.11.2022

Қытай өз аумағына кіретін қазақстандық жолаушылар үшін талапты өзгертті. Мұны осы мемлекет елшілігінің сайты хабарлап отыр. Оның дерегінше, енді Қазақстаннан Қытайға баратын азаматтар ұшаққа отырардан 48 сағат бұрын елімізде ресми тіркелген зертханада ПТР-тест тапсыруға тиіс.

Сонымен қатар қазақстандықтар Қытайға аттанарда денсаулық кодын алуға өтініш жазуы керек. Ал осы арыз өңделіп болғаннан кейін оларға Қытай елішігінен немесе бас консулдығынан жасыл код беріледі.

Жолаушылар оны авиациялық рейске тіркелерде ұялы телефондарынан көрсетуі қажет болады. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу