Үкімет отырысында Премьер-министр автономды қазандықтар мәселесіне тоқталды. Смайылов әкімдерге оларды тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардан қауіпсіз қашықтыққа тездетіп шығаруды тапсырды. Естеріңізде болса 2017 жылы Шахан қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі қазандық жарылып, үйдің бір бұрышы опырылып түскен еді. Салдарынан 9 адам мерт болды. Осы оқиғадан кейін елімізде 1140 қазандық қауіпсіз жерге шығарылды. Дегенмен әлі Алматы облысы, Ақмола мен Жетісу облыстарындағы 90 нысанда бұл мәселе шешілмеген.
Шерхан Жамбылұлы