Қазақстандық қара алтынды әлемдік нарыққа тасымалдаудың балама жолының пайда болуы - тұтас өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түспек. Қазақстанды Республика күнімен құттықтаған АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Джеффери Пайеттің пірікі бұл. Себебі, қазақтың мұнай газын экспорттау бойынша Қазақстан мен Әзербайжан жақында арнайы келісімге келген еді.
Кеш осылай ерекше басталды. Қонақтар екі елдің де әнұранын алғаш рет қобыз үнімен тыңдады. Қазақтың киіз үйі де меймандарды бей жай қалдырмаған секілді. Әрбір жәдігер туралы мұқият сұрап, естелікке суретке түсіп жатқан жан аз болмады.
Эрик Уэланд, АҚШ халықаралық діни бостандық коммиссиясының комиассары:
Киіз үйді көру арқылы қазақтың тарихы мен мәдениетіне қатысты біраз мағлұмат алып, таң қаларлық сезімде болдым. Бүгін әрбір адамда осындай күй кешті деп ойлаймын. Бұл Қазақстанның өткенінің белгісі және әлемге ашықтығының шынайы көрінісі іспетті.
АҚШ Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдердің бірі. Отыз жыл ішінде екі жақты қарым-қатынас стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Әрбір салада тығыз байланыс орнады. Біздің елге тікелей инвестиция салу бойынша да Америка алғашқы үштікке кіреді. Кеште арнайы сөз сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысының энергетикалық ресурстар жөніндегі көмекшісі дербес Қазақстанның іргесінің беки түсуі үшін АҚШ қашанда қолдауға әзір екенін жеткізді.
Джеффри Пайет, АҚШ мемлекеттік хатшысының энергетикалық ресурстар жөніндегі көмекшісі :
АҚШ әр кез Қазақстанның егемендігі, Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығының сақталуына аса мүдделі. Біз мұны өз іс-әрекетімізбен дәлелдедік деп ойлаймын. Біз Қазақстанды көптеген мәселелер бойынша маңызды серіктес және ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша жетекші мемлекет ретінде көреміз. Сондықтан Қазақстан тек Америка Құрама Штаттарының ғана емес, өзге де көптеген елдердің халықаралық қолдауына ие болды.
Екі жақты байланыс әсіресе энергетика саласында тереңдей түспек. Себебі, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, батыс елдеріндегі энергетикалық дағдарыс Қазақстанға қара алтын тасымалдаудың балама жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Нәтижесінде Әзірбайжанмен нақты уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл бір жағынан Қазақстанның әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан нақты үлесі болмақ.
Джеффри Пайет, АҚШ мемлекеттік хатшысының энергетикалық ресурстар жөніндегі көмекшісі :
Біз Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы қазақстандық шикізатты сыртқы нарыққа тасымалдау туралы жаңа келісімді көргенімізге өте қуаныштымыз. Орталық Азиядан халықаралық нарықтарға шығатын энергетикалық бағыттарды әртараптандырудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстан мен Әзірбайжанның бұл бастапқы келісімді жариялағаны өте маңызды. Бірақ, біз мұны екі жақтың қарым-қатынасын кеңейтудің алғашқы қадамы деп білеміз, бұл барлық аймақ елдері үшін әртараптандыру және энергетикалық қауіпсіздік қағидасын нығайтады деп үміттенеміз.
Ал АҚШ компаниялары тек мұнай газ өндіріп қана қоймай, елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және аймақтық энергетикалық желілерді нығайтуға көмектеспек.
Жалғас Сәдібекұлы