Президент: Ғалымдарымыздың еңбегі сапалы өнім шығаруға, өндірісті тиімді етуге тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Ғалымдарымыздың еңбегі сапалы өнім шығаруға, өндірісті тиімді етуге тиіс

16.11.2022

Президент жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөніндегі ұлттық кеңес құрылатын болды. Оған еңбегі жұртшылыққа кең танымал, ғылыми ортада беделді ғалымдар мүше болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы айтты. Жұмыстарды Президент әкімшілігі мен Ғылым және жоғарғы білім министрлігі ұйымдастырады. «Біз ғылым мен өндірісті ұштастыру туралы жиі айтамыз. Бірақ ондай байланыс әлі де орныққан жоқ. Ащы болса да, мұны мойындауымыз керек. Отандық өндірісті өркендету үшін ғылыми инновациялар, жаңалықтар қажет. Ғалымдарымыздың еңбегі сапалы өнім шығаруға немесе өндірісті тиімді етуге тиіс. Сонда ғана экономикамыз дамиды» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Хабарламаларға жазылу