Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне уақытында ақпарат бермегені үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына айыппұл салынды. Тергеп-тексеру кезінде қажетті мәліметтер заңда белгіленген мерзімде жіберілмеген. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен зейнетақы қоры 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 306 мың теңгеден аса әкімшілік айыппұл салумен жауапкершілікке тартылған. Агенттік монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынбау немесе жалған ақпарат беру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Ақерке Бектас