Қарағанды облысындағы «Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр» учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Сол себепті аталған темір жол бөлігінде жолаушылар және жүк пойыздарына қозғалыс уақытша тоқтатылды. Алдын-ала болжамдарға сәйкес, оқыс оқиға жекеменшікке тиесілі вагондардың ақауы салдарынан болған. Қазір арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнында Қарағанды, Жаңаарақа станцияларының үш бірдей қалыпқа келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр.
Руслан Нұрланұлы