Сайлау күні қоғамдық көліктер тегін жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау күні қоғамдық көліктер тегін жүреді

17.11.2022

Шымкент қаласында 20 қараша – Президент сайлауы күні қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады. Бұл күні шаһар аумағына қатынайтын автобустар қалыпты режимде жұмыс істейді. Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді. Жалпы, шаһарда жолаушыларды тасымалдаумен 10 көлік компаниясы айналысады. Олар қала іші және қала маңына қатынайтын 78 бағытқа 873 автобусты жолға шығарады.

Ғани Қалмахан



Хабарламаларға жазылу