Солтүстік Қазақстанның Аққайың ауданы Аралағаш ауылында құс фабрикасы ашылды.
Жоба құны 7,2 млрд теңге. Ал қажетті инфрақұрылым мемлекет есебінен тартылды. 165 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жаңа құс фабрикасы жылына 100 мыңнан астам адамды тауық етімен қамтамасыз етуге қауқарлы. Кәсіпорында еуропалық заманауи қондырғылар орнатылған.
Олег Чубуков, жұмысшы:
Бұл құс етін бұзатын желі. Автоматты түрде жұмыс істейді. Әрі қарай өнімді қаптайтын мамандарға жібереміз. Заманауи техника адам жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
Биыл елімізде бройлер құс өсіретін 6 фабрикасын ашу жоспарланған. Оның үшеуі Солтүстік Қазақстанда. Үшеуі бірдей зауыт толық қуатымен жұмыс істегенде жылына 16 мың тонна құс етін өндірмек. Мамандырдың айтуынша, бұл өңірдің ішкі сұранысын жауып қана қоймай, өнімді сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.
Мейрам Меңдібаев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі:
1,5 жылдың арасында салынған құс фабрикасында қуаты 5 мың тонн жылына. Тағы да жалғастырып, тағы да ғимараттар салынып жатыр. Ертеңгі күндерде, 10 мың тоннаға дейін болады.
Эльмира Каленова