Қытайдағы қазақтар құс баптап, аңға бүркіт салудан саятшылар мерекесін өткізді.
Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған бәсеке Шыңжаңның Алтай аймағындағы Шіңгіл ауданында өтті.
Аталмыш додаға Шыңжаң өңірінен 67 саятшы қатысты.
Қазылар бүркітшілердің құсының шапшаңдығы, аттың үстінде орнықты отыруын және өзара әрекеттестігін бақылап, тиісті бағаларын берді.
Мақсат - өскелең ұрпаққа ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттау.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ