Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатына екі күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатына екі күн қалды

18.11.2022

Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатына екі күн қалды. Дүниежүзілік доп додасын Ұлттық арна мен «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Тек, трансляция жасап қоймай, теңбіл доп тартысы жайлы талқылап, сараптап, пікір талас өткізеді. Яғни, ұлттық арна мен «Qazsport» телеарнасында арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, сарапшылармен бірге футбол төңірегінде тікелей эфирде әңгіме өрбиді.

Студияда соңғы дайндық пысықталып жатыр. Бір емес, екі арнадан күніне бірнеше рет тікелей эфирде хабар таратып, әлем чемпионатын талқылау өтпек. Спорт сарапшылары, елге танымал тұлғалар, журналист, блогер және спорт сүйер қауымның бәрі осы студия қонағы болмақ. Ұлттық арна әдеттегідей қазақ тілінде, ал, «Қазспорт» қос тілде бағдарлама ұсынады.

Нағи Бақтыбаев, «Kazsport» телеарнасының директоры:

Екі арнада арнайы студиялық бағдарламалар дайындап жатырмыз. Дәл қазір соңғы дайндығы жүргізілуде. Күніне 3-4 матч болатын болса, сол матчтардың алдында сол командалар қалай дайындалды, құрамы, кешегі өткен матчтар деген сияқты сұрақтар талқыланады.

Әр күн сайын Қатарда қатарынан бірнеше ойын өтеді. Соның бәрін Ұлттық арна мен «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп ғана қоймай, әр матчтың алдында шолу, сараптама, болжам айтылады.

Жігер Азберген, спорт комментаторы:

Осы әлем чемпионатын жүргізу үшін елімізге танымал 7 қазақ тілінде, 7 орыс тілінде коментаторлар таңдалып алынды. 14 адам. Қазақстан телеарнасында тек қазақ тілінде, ол жерде екі қазақ тіліндегі коментатор бірге жұмыс жасайды. Ал, Қазспортта орысша, қазақша өтеді.

Алдағы бір айға жуық уақытта эфирде футбол спорты салтанат құрмақ. Біздің негізгі мақсат - ашық, жедел ақпарат тарату. Сондай-ақ, әр күн сайын қос телеарнада тікелей эфирде көрермендер арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылмақ. Бағалы сыйлықтар беріледі. Футболдан әлем чемпионатын бізбен бірге көріңіздер!

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу