Ақмола облысы Аршалы кентіндегі мектеп қазандығында болған жарылыста жарақат алған жұмысшы көз жұмды.
Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Басы мен денесінің біраз бөлігін, тыныс алу жолдарын күйік шалған. 30 минут бойы жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеді. Дәрігерлер 55 жастағы науқастың өмірін сақтап қала алмады.
Марқұмды жерлеу шығындарын жергілікті әкімдік өтемек. Өзге екі науқастың жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер. Қазір жарылыс салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Бейбіт Жүсіпов, облыстық Білім басқармасының басшысы:
Осы болған жағдайға байланысты барлық білім бөлімдерінің басшыларына, сонымен қатар барлық білім беретін мекемелердің басшыларына тапсырыстар берілді. Сол осы қазандықтарды жергілікті төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге тағы да бір қайтарып тексеріп шығу, олқылықтар болса, соны жою мәселелерін қарастыруды тапсырылды. Жарылыстан жапа шеккен азаматтардың жанұяларына материалдық көмек көрсету жұмыстары басталды.
Авторы: Ермек Елберген