Сайлауға санаулы сағаттар қалды. Орталық сайлау комиссиясы барлығы 10 101 учаскенің барын және олар процеске тас түйін дайын екенін айтқан еді. Елден бөлек, 52 шет мемлекетте де 68 учаске жұмыс істейді. Сонымен, биылғы саяси науқанда тұрғындар нені ескеру керек? Дауыс беру тәртібі қалай?
Асылбек Данияр, тілші:
Қазір елдегі барлық сайлау учаскелері ертеңгі саяси науқанға сақадай сай. Сондай-ақ, қажетті материалдардай толық дайын. Енді “қалай дауыс береміз” деген сұраққа қысқаша жауап берсек. Өзіңіз тіркелген учаскеге барасыз. Мұндағы сайлау комиссиясы мүшелеріне өзіңіздің жеке куәлігіңізді бересіз. Ал, олар болса арнайы журналдан сіздің бар-жоғыңызды тексереді. Егер, тізімде бар болсаңыз, сізге сайлау бюллетенін табыстайды. Сіз мұны алып, арнайы жеке кабинкаға кіріп, өз таңдауыңызды жасайсыз. Айта кететін жайт, сізбен бірге ешқандай бөгде адам, мейлі туысыңыз болсын кіруге қатаң тыйым салынады. Егер, сұрақтарыңыз болса, оны комиссия мүшелеріне қоя аласыз. Өзіңіздің таңдауыңызды жасап болғаннан кейін осындағы жәшікке келіп, дауыс беру парақшасын саласыз. Ескере кететін нәрсе мұнда кандидатар көрсетілген. Сонымен бірге, бәріне қарсымын деген пункте бар. Біз енді қазір сайлау учаскелеріне келіп, дауыс бере алатын азаматтардың жұмыстарын түсіндіріп өттік. Енді сайлауға келе алмайтын егде жастағы, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтар қалай дауыс береді деген сұрақ бар.
Серікжан Күлбаев, сайлау комиссиясының мүшесі:
Әрине, Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай қарастырылған. Біздің сайлау учаскесінде әрине, біздің ғана емес барлық сайлау учаскесінде арнайы кабинкалар қарастырылған мүгедектерге бөлек. Егер келе алатындай болса инватакси бар және де ертең сағат 12:00-ге дейін түскен өтініштер бойынша сайлау комиссиясының екі мүшесі үйлеріне барып сол кісілердің дауыс ала алады және ол кісілер үйден дауыс бере алады арнайы өтініштер бойынша.
Жалпы, айта кететін жайт, сайлауды арнайы байқаушылар бақылайды. Оның шетелдік байқаушылар мен журналистер де бар. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сағат 6-да жұмыс басталады, яғни учаскелер ашылады. Ал басқа аймақтарда негізгі тәртіп бойынша сағат таңғы жетіден, кешкі сегізге дейін жалғасады.
Асылбек Данияр