Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Онда Алматы облысы азық-түлік кәсіпорындары мен мегаполиске жақын маңдағы аудандарының тауар өндірушілері өз өнімін ұсынды. Азық-түліктің жалпы көлемі - 100 тонна. Тұрғындардың сөзінше, тауарлар нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға сатылып жатыр.
Мұрат Бейсенқұлов - зейнеткер. Жәрмеңке өтіп жатқан жерден алыс тұрса да, мұнда арнайы келіп, сауда жасап жүр. Өйткені тауарлардың бағасы тиімді,-дейді қария.
Мұрат Бейсенқұлов, зейнеткер:
Бұл жерде ет өте арзан екен, 1000 теңгеге арзан. Сонан кейін өте көп ет алдым. Мысалы бізде жылқының еті 5000теңге тұрады. Ал мына жерде 3500ға алдым. Разница же есть. Пенсионерлер үшін ол өте ыңғайлы әрі арзан.
Сатып алушыларға 50-ден астам өнім түрі ұсынылды. Оның ішінде сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма мен түрлі тәттілер бар. Сатылымға 20тонна ет, 60 тонна жеміс жидек пен көкөніс шығарылды.
Мен 400-500 келідей өнім алып келдім. Жақсы сатып кетемін. Халық разы, риза. Келіп тұрады, клиенттер бар. Барлығы арзан бағада.
Бірі азық-түлікті басқа сауда орындарымен салыстырғанда 10-15 пайызға арзан бағаға алса, енді бірі тауарын еш делдалсыз өткізе алады. Бұл бастаманың мақсаты да сол - тұрғындарды арзан әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыру. Бұл ретте, аталмыш шара ертең де өткізілмек. Тұрғындардың сайлау учаскелерінің маңында ұйымдастырылған жәрмеңкеден кондитерлік және нан өнімдері мен қолөнер бұйымдарын сатып алуға мүмкіндігі бар.
Фариза Мұсақызы