Ертең - Дүниежүзілік бала құқықтарын қорғау күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең - Дүниежүзілік бала құқықтарын қорғау күні

19.11.2022

Ұрпақ саулығы - ұлт саулығы. Балалардың денсаулығы ұдайы мемлекет назарында. Ертең - Дүниежүзілік бала құқықтарын қорғау күні. Бұл күн жыл сайын аталып өтіледі. 20 қарашада өте маңызды құжат – «Бала құқықтары туралы конвенция» қабылданған. Мереке балалардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ бұл күні бүкіл әлемдегі балалардың түйткілдеріне қоғамның назарын аударуға, балалар мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған күн ретінде таңдалды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған еді. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу