Шет елде бірінші болып Токио мен Сеулдегі қазақстандықтар дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шет елде бірінші болып Токио мен Сеулдегі қазақстандықтар дауыс берді

20.11.2022

Шет елде ең бірінші болып Жапония мен Корея Республикасындағы Қазақстан азаматтары дауыс берді. Токио мен Сеул қаласындағы сайлау учаскелері Астана уақытымен таңғы 4-те ашылды. Токио қаласында дауыс берген алғашқы қазақстандық кәсіпкер Сырымбек Тау болды. Ол осы уақытта сол жақта іс-сапармен жүрсе де, ел болашағы үшін сайлаудан қалыс қалмауды жөн көрген.

Қазақстандық Юрий Цой келді. Ол Сеулде 5 жылдан астам кәсіпкерлікпен айналысады. Сонымен қатар осы сағаттарда Бейжің, Шанхайда, Гон-Конгта және Сингапурда, Куала-Лампуд мен Уланбатырда дауыс беру басталды.


Хабарламаларға жазылу