Саяси науқан Ақтөбе өңірінде талапқа сай өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси науқан Ақтөбе өңірінде талапқа сай өтіп жатыр

20.11.2022

Саяси науқан Ақтөбе өңірінде де талапқа сай өтіп жатыр. Әр участокте байқаушылар тобы жұмыс істеуде. Ал, «Ашық қоғам» аймақтық зәрттеулер халықаралық институты» қоғамдық қорының өкілдері сайлауға келген әр тұрғынмен тілдесіп, сауалнама жүргізуде. Оған тәжірибелі мамандар тартылды. Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша 561 мыңға жуық сайлаушы тіркелді.

Ақмарал, «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты» қоғамдық қорының қызметкері:
Мәліметтер жинау «Exit poll» методикасы негізінде жүзеге асады. 2022 жылдың жазында біз республикалық референдумдар жүргіздік халық арасында. Сағат таңғы жетіден кешкі сегізге дейін тұрамыз.

Қоғамдық қор өкілдері Алматы мен Талдықорған қалаларын да қамтыды. Олар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасаған азаматтарға тиісті сұрақтар қойып, саяси шараның өту барысына зерттеу жүргізуде. Нәтижесі бұған дейін айтып өткеніміздей, түнгі сағат 00:00-ден кейін жарияланады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу