Бүгінгі сайлауда шығыста ауыл тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Түтін саны аз кейбір ауылдардың сайлаушыларының көбі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерді. Кейбір ауылдарда бүгінгі саяси доданы мерекелік көңіл-күймен өткізуде. Сондай елдімекендердің бірінен тілшіміз Олжас Керейхан байланысқа шықты.
Олжас Керейхан,тілші:
Иә, өңірдегі сайлау учаскелерінің тең жартысы аудандарда құрылған. Алыс ауылдағы тұрғындар таңдауын жасау үшін ұйымдастыру жұмысына ерекше көңіл бөлген.
Тұңғыш дауыс берген сайлаушыларға сый-сыяпат жасады.
Айта кету керек қарашаның үшінші жексенбесі ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің кәсіби мерекесі. Сондықтан ауыл тұрғындары бүгінгі саяси доданы мерекеге айналдырып жіберді.
Глубокое ауданындағы 40 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Олар аудандағы 44 учаскеде өз таңдауларын жасап жатыр. Өскемен қаламының іргесіндегі Уваров ауылында 1500 адам болса, оның 1100 дауыс беру құқына ие. Бүгінгі саяси науқанда осы сайлаушылардың түске дейін 90 проценті өз таңдауын жасап үлгерді. Осы саяси дода туралы Гүлдариға Әуесқанқызының пікірін білсек.
Гүлдариға Әуесқанқызы, ауыл тұрғыны:
Мен осы Уварова ауылында 40 жылға таяу тұрып келе жатырмын. Отбасымызда 6 адамбыз. Үнемі қатысамыз. Бір сайлаудан қалып көрген емеспіз. Бәріміз дауыс бердік. Таңертеңнен бері. Халық 7-ден бері осылай. Мына алғашқы қар қатты жауып жатса да, ағыл-тегіл келіп жатыр. Енді осы қарқынмен сағат 8-ге дейін дауыс беріп үлгереді деп ойлаймын.
Олжас Керейхан
Шығыста бүгін 500 мың адам өз таңдауын жасайды. Ол үшін аймақта 537 сайлау учкскесі құрылды. Халық таңнан бері өз таңдауын жасап жатыр. Міне бүгінгі саяси дода осылай өтіп жатыр. Біз жергілікті учаскелерден ақпарат тарататын боламыз.