ТМД байқаушылары дауыс берушілердің белсенділігін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД байқаушылары дауыс берушілердің белсенділігін атап өтті

20.11.2022

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы миссиясының өкілдері де байқауда. Олар таңғы сағат жетіден бастап сайлау учаскелерін аралап жүр. Айтуларынша заңбұзушылық тіркелмеген. Таңертең сайлаушылар саны аз болғанымен, түске қарай адам қарасы көбейгенін байқаған.

Сергей Лебедев, ТМД миссиясының төрағасы:
Адамдар белсенді дауыс беріп жатыр. Кей учаскелерде ұзын-сонар кезек пайда болған. Сайлаушылар саяси науқанға отбасымен қатысып жатқаны қуантады. Учаскелерде музыка ойнап тұр. Бұл сайлауға мерекелік көңіл-күй беріп тұрғандай.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу