Қазақстан азаматтық дамудың жаңа сатысына көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтық дамудың жаңа сатысына көтерілді

21.11.2022

Халық Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген тапсырмалары жүзеге асады деген сеніммен таңдау жасады. Президент жанындағы стратегиялық зерттеу институтының өкілдері мен сарапшылар осындай пікірде. Олар аталған бағыттар бойынша жұмыстар жалғасын табу керек,-дейді.

Салтанат Амангелдіқызы, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының әлеуметтік зерттеу бөлімінің меңгерушісі:

Exit-poll бұл - әлемдік тәжірибе және де Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметтері шыққанға дейінгі алғашқы нәтижелері болып табылады. Менің ойымша, Тоқаевқа дауыс берген сайлаушылардың күтетін нәтижесі осы кезде болып жатқан өзгерістерді халық жалпы қолдайды деген сөз.
Депутаттар мен мәдениет саласының өкілдері де Exit-poll-дың нәтижесін жылы қабылдады. Енді саяси науқаннан кейін ел тұрғындарының әділетті қоғамға қарай бет бұруы, жастар саяси-қоғамдық өмірден орнын айқындап, елдің болашақтағы саяси өміріне белсене араласуына мүмкіндік арта түседі,-деді.

Ғазиз Құлахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Алдағы жиырма жылда біз өзіміздің үш Президентті саясаттағы саяси монополияға жол бермеймін деген уәделері көптің көңілінен шыққандай. Сондықтан да Қазақстан азаматтық дамудың жаңа сатысына шыққан көрінісі деп бағалар едім.

Хабарламаларға жазылу