Шығыс Қазақстан облысының халқы сайлауға белсенді қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысының халқы сайлауға белсенді қатысты

21.11.2022

Шығыс Қазақстанда сайлау құқына ие жарты миллион тұрғынның 80 пайызға жуығы өз таңдауын жасады. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Әсіресе ауыл халқы ерекше белсенділік танытты. Тіпті кейбір шағын ауылдарда сайлаушылар түске дейін дауыс беріп қойды. Ал облыста 537 сайлау учаскесі құрылды. Саяси доданың өту барысын кандидаттар мен қоғамдық бірлестік өкілдері бақылады. Халықаралық ұйымдардың байқаушылары да сайлау барысын бастан аяқ көрді. Олар өңірде саяси науқан ерекше жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына көз жеткізіп, заң бұзушылық тіркелмегенін атап өтті.

Жанар Алханова, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Сол 537 сайлау учаскесінде сайлау процесін байқауға «БДИЧ ОБСЕ» ұйымынан10 халықаралық байқаушы қатысып және республикалық жергілікті ұйымдардан 2 мыңнан аса байқаушы қатысты. Жалпы халықтың белсенділігі өте жоғары болды деп айтуға болады. Облыс тұрғындарының 79,49 пайызы сайлауға келіп қатысты.


Хабарламаларға жазылу