Дәл осы ойынға өз командасын қолдау үшін Қатарға жаяу келген жанкүйер бар. Ол Сауд Арабиялық Абдалла әл-Салми. 1600 шақырымды артқа қалдырып, Дохаға жетті. Жанкүйерлер Абдалланы сән-салтанатпен күтіп алды.
Әлем чемпионатын көру Абдалла әл-Салмидің бала кезден арманы екен. Сауд Арабиясы мен Аргентина арасындағы матчты өткізіп алмауға бекініп, туған қаласы Джеддадан Дохаға дейін жаяу шығып, 55 күн дегенде жетіпті. Сапардың бар қиындығын ұмытып та кеттім дейді жанкүйер. Ал көпшілік 1600 шақырымды артқа тастаған Абдалламен суретке түсіп, қолдау білдіріп жатыр.
Дархан Рахымжан