Талдықорғанда екі оқушы көше кезіп жүріп қару-жарақ тауып алды. Балалар сабақтарынан келе жатып, қоқыс арасынан екі макаров тапаншасын және оқ-дәрілер салынған дорбаға тап болған. Қарудың ойыншық емес екенін түсінген олар дереу полицияға қоңырау шалады.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары тапаншаларды тәркілеп, оның қаңтар оқиғасында ұрлануы мүмкін деген болжам жасайды. Ал қырағылық танытқан оқушыларды қалалық полиция басқармасының басшысы марапаттап, алғыс хат табыстады. Сол күні Талдықорғанда полицейлер тағы екі мылтық пен оқ дәрілер жасырылған жерді анықтап, қаруды тәркіледі.
Жанна Нупбаева, Жетісу облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Екі винчестер және түрлі колибрлі оқ-дәрілері бар схрон табылды. Анықталғандай қару қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған. Қазір тәркіленген қару оның атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілді.
Қуаныш Қанатұлы