Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Россия 1» арнасында сарапшылардың даулы мәлімдемесіне көзқарасын білдірді. Оның айтуынша ресейлік телебағдарламда Қазақстан туралы айтылған сөздер шындыққа сәйкес келмейді.
Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Біздің ойымызша, бұл біріншіден, Ресей билігінің ресми ұстанымы емес. Екіншіден, бұл Қазақстан мен Ресейдің дәстүрлі тығыз қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Үшіншіден, Ресей билігінің орталық арналардан айтылған мәлімдемелерге реакция білдіргені жөн деп санаймыз.
Серік Селеубайұлы