Шымкентте бірнеше жанар-жағармай құю бекетінің дизель тапшылығын қолдан жасағаны белгілі болды. «Гелиос» пен «Синойл» қоймада жағармай жеткілікті болса да, тұтынушылардың сұранысына сай отынды толық көлемде бермеген. Мұны бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті анықтады. Қос компания осындай тәсілмен бір жарым ай бойы жасанды дефицит тудырған.
Нұрболат Әлиакбаров, қалалық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің бөлім басшысы:
Заправкілерінде остаток көлемдер қалған. Оны АО «НИТ»-тен информация алып, соның нәтижесінде болғанын білдік. Дизель отынын олар толық бермейді. Соның салдарынан шектеу белгілері анықталып тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Алайда, «Гелиос» компаниясы бұл мәліметті растамады. Телеарнаға сұхбат беруді қаламаған компания өкілдері, жалған айып таққаны үшін бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментін сотқа беруге ниетті екенін жеткізді.
Ғани Қалмаханов