Бүгін Астанада тұңғыш рет имамдар форумы өтті. Республика көлемінен 500-ге жуық имам келді.
Жиынға қатысушылар «Ислам - бейбітшік пен келісім діні» тақырыбы төңірегінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев оқып берді.
Форум қорытындысы бойынша «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имам және мұсылманның тұлғалық келбеті» атты құжаттар қабылданды.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ