Ердің елге еткен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Өмірден өзі озса да, халықтың көкейінде қалары сөзсіз. Бүгін көрнекті қоғам қайраткері Орал Мұхамеджанов туралы кітап жарық көрді.
«Халқым деп соққан жүрегі» деп аталатын туындыны еліміздің бір топ әдебиет майталманы бірігіп жазған. Кітаптың таныстырылуына мемлекет қайраткерінің ет жақындары мен сан жылдар бойы қызметтес болған әріптестері қатысты.
Алаш азаматының саналы ғұмырынан сыр шертетін туындыда Орал Байғонысұлының ел дамуына қосқан үлесі, саясаттағы қарышты қадамдары туралы баяндалады.
Айдана ҮСЕНБАЙ