Түркістанда үздік тәжірибелер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда үздік тәжірибелер форумы өтті

24.11.2022

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен биыл 4 облыста «Zhas Project» пилоттық жобасы іске асырылды.

Түркістан облысында жеңімпаз жастардың бірнеше жобасы таныстырылды. Аталған жоба аймақтағы көптеген жастың бағын ашып, үздік әлеуметтік жобалары қолдау тапты. Өңірде 18 бен 28 жас аралығындағы 3 мыңнан астам жас жобаға қатысуға ниет білдірген. Тіркелген 924 өтінімнің ішінде 63 жоба жеңімпаз атанып, жоба авторлары 1 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Нәтижесінде 18 білім беру курсы, 12 спорт секциясы, наубайханалар мен тігін шеберханалары ашылды. Форум аясында қатысушыларға әлеуметтік, интеллектуалдық, ерікті және көшбасшылық деңгейін арттыру үшін арнайы мамандардан дәріс алуға мүмкіндік туды.

Тоқтар Болысов, Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры:

Әлеуметтік жоба болуы керек біріншіден. Екіншіден, ары қарай дамытатын жоба болуы керек. Үшіншіден, қаншалықты ақшаны дұрыс берілетіні және де болашақта ары қарай жұмыс істей алатыны туралы осындай критерийлері болды.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу