«Армандар орындалады» жобасы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Армандар орындалады» жобасы қорытындыланды

24.11.2022

Армандар орындалады! Дәл осындай атаумен ауыр дертке шалдыққан балаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік жоба қорытындыланды. Еліміздің 17 өңірін қамтыған жоба аясында 108 науқас баланың арман-тілегі орындалған. Бұл туралы бүгін Елордада өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, олар әр өңірден келіп түскен өтінім бойынша іріктеліп, қабылданған балалар. Сондай-ақ жоба аясында 51 іс-шара өткізіліп, оған 600-ге жуық бала қатысқан. Айта кетейік, жыл басынан аталған қайырымдылық акциясына қоғам белсенділері мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ 500-ден астам еріктілер жұмылдырылған.

Абылайхан Әбдіраш, «Медицина жастары» РҚБ төрағасы:

Алдағы жылдарға жоспарларымыз өте ауқымды. Келесі жылдарға осы охваттарының сандарын көбейтіп, барынша еліміздегі балалардың арманын орындап, олардың ем-дом алуына, денсаулық сапасын жақсартуға жұмыс жасаймыз.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу