Ал дәл қазір «Qazsport» арнасының эфирінде Уругвай мен оңтүстіккореялықтар бақ сынасып жатыр. Ал бұл қос құраманың жанкүйерлері өз ұжымдарына қалай қолдау білдірмек? Сюжеттен көрейік.
Қатарда өтіп жатқан мундиальда азиялық командалар керемет нәтиже көрсетуде. Сауд Арабиясы Аргентинаны жеңсе, кеше Жапония Германиядан басым түсті. Дәл қазір Оңтүстік Корея мен Уругвай арасындағы ойын тартысты өтуде. «Қос команда бар күшін салып бағады. Топтан шығуға тырысады», - дейді сарапшылар. Оңтүстіккореялық жанкүйерлер командасын қолдауға ұлттық киімдерін де киіп келіпті:
Ари Чо, футбол жанкүйері:
Бұл ойында Кореяның жеңетініне сенемін. Маған Сон Хын Мин ұнайды. Алға Сон!
Уругвайлықтар жеңістен үмітті. Себебі осы матчтың фавориттері саналады. Ұжымдағы үздіктердің бірі Араухо алаңға шықпаса да, команда бабында:
Андреас:
Менің ойымша Уругвай құрамасы жеңеді. 2-1 есебі болады деп ойлаймын.
Бұл топтағы өзге екі команда Португалия-Гана арасында ойын бүгін Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Дархан Рақымжан