Атырау облысында 192 отбасы дайын үйге көше алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 192 отбасы дайын үйге көше алмай отыр

25.11.2022

Атыраудағы Индер ауданында аз қамтылған отбасыларға салынған 4 үй екі жылдан бері тапсырылмай тұр. Мердігердің салғырттығынан биыл да баспанасыз қалатын болдық дейді тұрғындар. Себебі, жауапты мекеме 20-қарашаға дейін барлық жұмысты аяқтауы тиіс еді. Мерзімінен кешіккен құрылыста қандай кемшілік бар?

Жалғыз басты ана Әлияның үй кезегінде тұрғанына 10 жылға жуықтады. Содан бері үш баласымен әркімнің босағасын жағалап күн көріп келеді. Дімкәс ұлымен көшіп қону тіпті қиын. Жаңа үйді асыға күтіп жүр. Бірақ, биыл да бұйырмайтын сыңайлы.

Әлия Қаратаева, Индер ауданының тұрғыны:

Шынында мына үй қашан беріледі? Бәлен жылдан бері әні кірдік, міне кірдік. Әкімнің де алдын тоздырған ата-ананың бірі менмін. Бірақ қазір жағдайымыз қиын. Әлі қаңғып жүрмін. 2013-тен бері есептей беріңіз.

Әлияның алаңдауына негіз бар.Тұрғын үйдің ауласы сокүйі жайрап жатыр.

2018 жылы қазығы қағылған 4 үйдің дайын тұр. Құрылысқа бюджеттен 2 млрдтай қаржы бөлінді. Қолды байлап тұрғаны - ауладағы жұмыстар. Абаттандыруға өз алдына 154 млн теңге қаралған. Өткен жылы тапсырылуы тиіс еді. Жауапсыз мердігер созбалаңға салып, аяқсыз қалдырған.

Жандос Темірғали, тілші:

Қазір тек жаяу жүргіншілер жолы ғана төселіп жатыр. Мына аумақта әлі балалар ойын алаңы мен автотұрақ болуы тиіс. Көріп тұрғандарыңыздай ешбіреуі салынбаған.

Мердігер 20 қарашаға дейін ауладағы барлық жұмысты аяқтауы тиіс еді. Алайда, тағы үлгермеді. Жұмыстың не себепті мерзімінен кешіккенін ол түсіндіруден бас тартты. Әкімдік абаттандыруға жауапты «АгроСпецМонтаж» мекемесін сотқа берді.

Алтынбек Ғабдуллин, Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

Жосықсыз танимыз. Сосын міндеттейміз бітіруге. Қалған жұмыстарын келесі жылы бітіреді.Асфальт төселсе үй беріледі. Күн салқын аяз болатын болса, онда асфальт төсеткізбейміз.

Ай соңына дейін үй алдына асфальт төселіп бітсе, онда баспана кілттері беріле бастайды. Ал, егер ауа райы қолайсыз болып, құрылыс бітпесе Әлия секілді баспанаға мұқтаж 192 отбасының күтуден басқа амалы жоқ. Жалпы облыста 10 әлеуметтік нысанның құрылысы мерзімінде тапсырылмай тоқтап тұр

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу