Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды. Президент жарлығымен бұл қызметті Ермек Сағымбаев атқара береді. Ол бұл лауазымға қаңтар оқиғасынан кейін тағайындалған болатын. Олжас Бектенов те Президент Жарлығымен қызмет орнын сақтап қалды. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымындағы қызметін жалғастырады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен Сәкен Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы, Дархан Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ал Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Әсет Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, Марат Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Досжан Маратұлы